Тұңғыш Президент Қарасай ауданындағы дене шынықтыру кешенінің құрылысымен танысты

2 Сәуір 2019, 14:51
2741
Бөлісу:
Тұңғыш Президент Қарасай ауданындағы дене шынықтыру кешенінің құрылысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Қарасай ауданының дене шынықтыру және сауықтыру кешеніне барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Нұрсұлтан Назарбаев Қарасай ауданы, Шамалған кентіндегі дене шынықтыру және сауықтыру кешені құрылысының жүргізілу барысымен танысты. Нысанды салу жұмыстары аяқталуға жақын", - делінген хабарламада.

Мұнда бокс және тренажер залдары, күрес үйірмесі, жүзу бассейні, теннис корты және басқа да спорттық инфрақұрылымдар жұмыс істейтін болады.

Аудандағы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешеннің құрылысы Елбасының тікелей қолдауымен және оның жеке қаражатына салынуда.




Өзгелердің жаңалығы