Бас жаңалықтар
«Сыр тұнған сырбаз жүрегің»
PHOTO
07 Қыркүйек 2021, 13:05 139

«Сыр тұнған сырбаз жүрегің»

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімдігінің мемлкеттік академиялық филармониясың Қазақ оркестрінің «Астана» концерт залында көрнекті күйші, композитор, Халық артисі, «Құрмет» орденінің иегері Тұяқберді Шәмеловтің 70 жылдығына арналған «Сыр тұнған сырбаз жүрегің» атты еске алу кеші өтті.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор Айтқали Жайымов.


Кештің мақсаты орындаушылық репертуарында Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Абыл, Сейтек, Мәмен, т.б сынды  қазақ халық композиторларының күйлері кеңінен орын алған өнер иесінің шығармашылығын қалың жұртшылыққа таныстыру – дейді ұйымдастырушылар.

«Мың тұяқтың дүбірі – бір Тұяқтың саусағы» атанған күйші Тұяқберді Қажыгерейұлы 1951 жылы 6 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданына қарасты Құманғазы ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы оркестрде қырық жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп, қатардағы домбырашыдан бас концертмейстер, көркемдік жетекші дәрежесіне дейін көтерілді. Жеке орындаушы ретінде Франция, Италия, Корея, Ауғанстан, Португалия, Пәкістан, Қытай, Германия  сынды шет елдерде болып, қазақ халқының музыка өнерін әлем жұртшылығына таныстыра білді.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі – Нұрғиса Дәуешов кештің алғы сөзін сөйлеп, дәулескер күйші жайында жылы естеліктерімен бөлісті.

Сазды, әуені жүрек қылын шертетін ән, күйлерінің тақырыбы – Отан, туған жер, еңбек, достық, махаббат, табиғат сұлулығын жырлауға құралған Тұяқберді Қажыгерейұлының еске алу кешінде елге кеңінен тараған әндерімен күйлерін Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Әкімхан Мәженов, Естай Айтқұлов, Диана Май, Роза Исаева, Мұратбек Хайролда, Сәкен Бекжанов, Айдын Жұмабай, Алтынбек Әбілда, Әйгерім Нартүйе, Нұрбол Балапанов, Ботагөз Тәшімова, Талғат Аллабиринов, Анар Мұздаханова,  Алтынбек Арыстанбек, Жексембек Нұржауов,  Бибігүл Тыныштық сынды өнер иелері орындады.



Фото: дереккөз
Загрузка...