Сыбайлас жемқорлық туралы хабарласаңыз сыйақы аласыз

23 Маусым 2020, 14:39
2870
Бөлісу:
Сыбайлас жемқорлық туралы хабарласаңыз сыйақы аласыз

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бес миллион теңгеге пара-пар сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлаған адамға 500 мың теңге сыйақы беріледі.

Бұл туралы "ANTIKOR.LIVE" жобасы аясында тжобасы аясында тікелей эфир өткізген ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин хабарлады.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды ынталандыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың пәрменді тетігі болып табылады. Бұл мәселеге көп көңіл бөлеміз. Осының нәтижесінде мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу жүйесі құрылды. Бұрын ол қылмыстық іс санатына байланысты жүзеге асырылатын. Қазіргі уақытта егер пара сомасы 1 мың айлық есептік көрсеткіштен жоғары болса, бұл туралы хабарлаған адам пара немесе залал сомасына байланысты осы соманың 10 пайызына ие болады. Яғни, егер сыбайлас жемқорлық қылмысы 5 миллион теңгені құраса, ол туралы хабарлаған тұлға 500 мың теңге сыйақы алады, – деді Жігер Байділдин.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам тек ақшалай сыйақы алумен ғана шектеліп қалмай, мемлекет қорғауына да алынып, ол туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады. Қоса кетсек, сыбайлас жемқорлық фактісіне тап болған азаматтар 1424 нөмірі бойынша Call-орталыққа қоңырау шалып, хабарлауларына болады.

 


Өзгелердің жаңалығы