Бас жаңалықтар
Студенттер ашық аспан астында кино тамашалады
25 Қыркүйек 2021, 16:48 334

Студенттер ашық аспан астында кино тамашалады

Алматы, BAQ.KZ. Еліміздің жоғары оқу орындары жаңа оқу жылын дәстүрлі оқу форматында бастады. Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің Жастар саясаты департаменті де студенттік іс-шараларды онлайн және оффлайн форматта жүргізіп жатыр. 26 қыркүйекте ҚазИТУ студенттері ашық аспан аясында кино тамашалау мүмкіндігіне ие болды. 

Бұл туралы аталған университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Шараға келген көрермен студенттер барлық карантиндік шаралар қатаң сақталған. Жастар Ұйымдары Комитеті мен студенттік кеңес ұйымдастырған кино көрсетілімнің алдында әлеуметтік желіде сауалнама жүргізіліп студенттер өздері көргісі келетін киноларды таңдапты. Ең көп дауыс жинаған киноны студенттер ҚазИТУ футбол алаңында тамашалады. Кеш барысында қызықты викториналық сұрақтар мен би жарысы болып, студенттер көңілін көтерді. Кино кешіне келген студенттер ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.

Апта сайын әр түрлі іс-шаралар өтуде. Мысалы біз «Студенттер үйінде» тұратын құрдастарымызбен бірге алдыңғы аптада өткен «Apple fest» фестиваліне қатысып, «Ең үздік топ» номинациясын жеңіп алдық. Бұл жолы кино көруге келдік. Бастысы барлығы студенттер үшін тегін. Ашық аспанда кино көру атмосферасы керемет болды. Осындай іс-шаралар ауызбіршілігімізді арттырып, көңіл-күйді көтеріп, жаныңа жылылық сыйлайды, - дейді 2-курс студенті Айгерім Халиева.
Жастар саясаты департаментінің маманы Меруерт Батай Жастар ұйымдары комитетінің белсенділерімен біргіп, әр жұма сайын ашық аспан астында іс-шара өткізуді жоспарлап отырғандарын айтады.
Оқу жылының басынан бері бұл таза ауада ұйымдастырылған үшінші шарамыз. Қазіргі таңда карантин уақыты болғандықтан, бұрынғыдай көп адамды жинап мекеме ішінде кештер ұйымдастыруға болмайды. Сол себепті біз таза ауада өткізу форматын таңдадық. Студенттердің барлығы маскалық режимді сақтауын қадағалаймыз. Алдағы жоспарымызда студенттік квест «Autumn party» және әр түрлі тимбилдингтер бар, - дейді ол.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...