Бас жаңалықтар
Студенттер арасында республикалық жыр мүшәйрасы өтті
08 Қараша 2019, 22:00 1054

Студенттер арасында республикалық жыр мүшәйрасы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы мен Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай "Ұлы тұлғаларға тағзым" атты республикалық жас ақындардың мүшәйрасы өтті.

Мүшәйраға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 18 бен 25 жас аралығындағы жоғары оқу орындарының студенттері жырдан шашу шашып, қаламынан туған туындыларын көпшілік алдында паш етті.  

Мүшәйраға барлығы жүзге тарта студент өтініш білдіргенімен іріктеуден өткен 18 студент арнайы жолдамамен астанаға жиналған болатын.

Нәтижесінде: І орын – Қажытай Серікжан, Нұр-Сұлтан қаласындағы  Новосібір мемлекеттік университетінің студентіне бұйырса, жүлделі ІІ орын – Ш. Құдайбердіұлы атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті Байекенова Ділназға табысталды. Ал ІІІ орынды – Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Жылқыбайұлы Жауынбай қанжыңасына байлады.

Мүшәйраға қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды. Ал жеңімпаздарға алдын ала белгіленген ақшалай сыйақы табысталды. 

Фото: дереккөз
Загрузка...