Бас жаңалықтар

«Stop ЖКО» акциясы өтті

Астана, baq.kz. Астанадағы №17 мектепте «Stop ЖКО» акциясы өтті.

Астана қаласының полиция қызметкерлері 9-11 қаңтар аралығында осындай атаумен акция өткізіп жатыр.



"Іс-шара жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты проблемаларға қоғамның назарын аудару, балалар жарақатын алдын алу, сондай-ақ көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұрулары үшін дағдыларды бекіту мақсатында өткізіліп отыр" - дейді тәртіп сақшылары.

Полиция қызметкерлері аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық танымдық бағдарламаны әзірледі.



Ойын және би түрінде балаларға жол қозғалысы ережесі туралы айтып берді. Іс-шара аясында 300 оқушы қызыл, сары және жасыл шарларды аспанға ұшырды, сондай-ақ оларға «STOP» сөзі бейнеленген кеуде белгілері тапсырылды.

Сізден жаңалық