Созылмалы күйзеліс психосоматикалық бұзылулардың дамуына әкеледі

24 Тамыз 2020, 12:05
3039
Бөлісу:
Созылмалы күйзеліс психосоматикалық бұзылулардың дамуына әкеледі

Алматы, BAQ.KZ. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ психотерапевті Рашид Азизовтың айтуынша, коронавирус пандемиясы адам ағзасына қауіп төндіруден бөлек менталдық денсаулық саласындағы проблемаларға да түрткі болып, халықтың үрейін  арттырды.

Үрейлену мида қозу ошағын құруға қабілетті болады да, олар жұмылдыру вегетативтік процестерін белсендендіре отырып, нерв жүйесінің белгілі бір құрылымы арқылы  ағзада күйзеліс гормондарының каскадтық шығарылуына жол береді. Нәтижесінде түрлі күйзеліс реакциялары туындайды. Олар әртүрлі көріністермен, яғни өмір сүру сапасын төмендетуге әсер ететін жеңіл үрейлену күйінен бастап байбалам салуға дейін, ал кейде адамның бейімсіздікке шалдығу процесіне дейін әсер етуімен айқындалады.

Созылмалы күйзеліс психосоматикалық бұзылулардың, оның ішінде жүрек-қантамыр жүйелерінің патологиясын айқындап, дамуына әкеледі. Олардың психоэмоциялық жағдайдың күшеюімен болатын себеп-салдар байланысы көптеген ғылыми зерттеулерде көрсетілген.

Серуендеу, спортпен айналысу, бейінді мамандарға қаралу секілді күйзеліспен күресудің әдеттегі тәсілдерінен басқа эмоциялық күйзеліс реакциялары саласындағы диагностикалау мен түзетудің жеке әдістемесінің авторы Рашид Давлетович күйзелісті мейлінше өз бетінше жеңіп шығуды және өзінше реттеу дағдыларын меңгеруді ұсынады. 
Созылмалы күйзеліс адамның психикалық және физиологиялық мүмкіндіктеріне күш салады, осының нәтижесінде ағза өзіне берілген жүктемелерге шамасы келмей қалады.

Біз барлық күйзеліс факторларынан толығымен құтыла алмаймыз. Осы секілді ресурстар таусылмас үшін туындаған артық күш жұмсаушылықты үнемі күйзеліске қарсы іс-шаралармен азайтып отыру қажет,- дейді дәрігер.

Бүгінде адамдарға арналған түрлі әдістемелердің кең түрі бар, олар:

- релаксацияның түрлі әдістері; 
- тыныс алу практикасы;
- массаж, түрлі спа-процедуралар түріндегі физиотерапевтік процедуралар;
- медитация және т.б.

Қажет болған жағдайда психотерапия немесе психология саласындағы бейінді мамандарға қаралған жөн.

Өзгелердің жаңалығы