СOVID-19: Елордада күн сайын 300 адам ауруханаға түседі

11 Тамыз 2021, 16:46
7772
Бөлісу:
СOVID-19: Елордада күн сайын 300 адам ауруханаға түседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады. 

Оның айтуынша, елордада індет әлі бәсеңдемей тұр.

Нұр-Сұлтан қаласында эпидемиологиялық ахуалдың мәз еместігін алға тартқан басқарма басшысы тұрғындардан сақтық шараларына немқұрайлы қарамауды тапсырды.

Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 2 699 адам науқас жатыр. Жүктеме 69%-ды құрап отыр. Орташа есеппен тәулік ішінде 300-ге дейін адам ауруханаға жатқызылады. 243 науқас реанимация бөлімшесінде жатыр. Ал 55 адам ӨЖЖ аппаратына қосулы, - деді Тимур Мұратов.
Коронавирус инфекциясынан қорғанудың бірден-бір жолы – вакцина салдыру дегенді алға тартқан ведомство басшысы халықтың екпе алу қарқыны көбейгенін айтты.
Қазір қала бойынша 366 мың адам вакцинаның І компонентін алған. Толықтай иммунизациялаудан 284 мыңнан астам азамат өткен. Бүкіл кезең ішінде СОСО-на 60 мыңнан астам адам келіп екпе алған, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы