Солтүстік Корея тағы зымыран ұшырды

24 Тамыз 2019, 14:35
1095
Бөлісу:
Солтүстік Корея тағы зымыран ұшырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Корея тағы зымырандарды сынақтан өткізді. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Пхеньян бұл жолы жақын қашықтықтағы 2 баллистикалық қару ұшырған, деп жазады «Хабар24».

Хамгён-Намдо провинциясынан атылған қарулар 380 шақырым жерге дейін ұшып барып, Жапон теңізіне құлаған. Осыған байланысты Токио Пхеньянға наразылығын білдіріп, сынақ БҰҰ қарарына қайшы екенін жеткізді.

Айта кетейік, Солтүстік Корея биыл жаз шыға зымырандарды сынақтан өткізуді қайта жалғастырды. Алайда бұған дейін АҚШ Президенті Дональд Трамп Пхеньянның жақын қашықтықтағы зымыранды сынақтан өткізуі Сингапурдегі келісімге қайшы емес деп мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы