Бас жаңалықтар
Солтүстiк Қазақстанға 8 жылжымалы медициналық кешен жеткізілдi
29 Қазан 2020, 08:45 123

Солтүстiк Қазақстанға 8 жылжымалы медициналық кешен жеткізілдi

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстiк Қазақстан облысына 8 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді. Бұл жайында өңiр басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ауыл тұрғындарына жағымдық жаңалық. Бүгiн бiздiң облысқа 8 жылжымалы медициналық кешен келдi. Олар аудандарға жiберiледi, - деп жазды өңiр басшысы.
Көшпелi кешенде 7 кабинет бар. Дәрiгерлер қабылдау өткiзiп, анализдер қабылдайды. Ауылдықтар УЗИ мен ЭКГ тексерiсiн өте алады. Кешенде рентген аппарат орнатылған. Акушер-гинеколог кабинетi, зертхана мен дәрiхана пунктi де бар.
Дәрiгерлер шалғайдағы ауылдарға барып, тұрғындарға жан-жақты медициналық көмек көрсетедi. Скринингтер мен тексерулердiң арқасында ауруларды бастапқы кезеңде анықтап, тиiмдi емдеу жүргiзiледi. Ауыл тұрғындары уақыты мен қаржысын үнемдейдi. Ең бастысы, уақтылы әрi сапалы медициналық көмектiң арқасында денсаулығын сақтайды, - дедi Құмар Ақсақалов.


Фото: дереккөз
Загрузка...