Солтүстiк Қазақстанда жаңа тұрғын үй мен шағын орталық қолданысқа берiлдi

13 Желтоқсан 2019, 08:55
4937
Бөлісу:
Солтүстiк Қазақстанда жаңа тұрғын үй мен шағын орталық қолданысқа берiлдi

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов Береке ықшам ауданындағы 100 пәтерлi үйдiң тұрғындарымен кездесiп, қоныс тойымен құттықтады, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қоныс тойын көпбалалы отбасылар, жетiмдер, мүгедектер атап өтуде. Биыл 8 мыңнан астам адам пәтерге ие болды. Оның iшiнде 126-сы көпбалалы отбасылар. 3 жылда көпбалалы отбасыларды баспанамен толық қамтамасыз етемiз, - деп жазды өңiр басшысы жеке парақшасында.

Петропавлда жаңа шағын орталықтың ашылуы өттi. Орталыққа 3 жасқа дейiнгi балалар барады.

Бүгiнде 3 пен 6 жас аралығындағы барлық бала балабақшаға барады. Ендiгi мақсат 3 жасқа дейiнгi бүлдiршiндердi орынмен қамтамасыз ету. Бұл үшiн көпқабатты үйлерде шағын орталықтар ашатын боламыз,  - дедi Құмар Ақсақалов.
Өзгелердің жаңалығы