СҚО-да Берлинде шайқасқан соғыс ардагеріне мемориалдық тақта орнатылды

30 Қараша 2019, 12:25
4119
Бөлісу:
СҚО-да Берлинде шайқасқан соғыс ардагеріне мемориалдық тақта орнатылды
PHOTO
Фото: автордан

Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Тұңғыш президент күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының орталығы Талшық ауылында Сәбит Қасенұлы Қасеновтің құрметіне мемориалдық тақта ашылды. Ол өз өмірінің 34 жылын құқық қорғау органдарындағы қызметіне арнаған.

В Акжарском районе СКО открыта мемориальная доска в честь ветерана ВОв 10.JPG

Мемориалдық тақта ашуды Ақжар ауданы полиция бөлімінің Ардагерлер кеңесі ұсынған. Бұл идеяны Полиция департаменті қолдап, облыстық ономастика комиссиясының шешімінен кейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні қарсаңында салтанатты түрде ашу жоспарланған болатын.

Талшық ауылына милиция полковнигі Сәбит Қасановтың балалары, Нұр-Сұлтан, Петропавл, Көкшетау қалаларында тұратын ардагерлер келді. Олардың барлығы бір кездері Ақжар ауданының ішкі істер органдарында жұмыс істеген. Көпшілігі Сәбит Қасенұлы Қасеновпен қызметтес, жолдас болған.

В Акжарском районе СКО открыта мемориальная доска в честь ветерана ВОв 4.JPG

Салтанатты іс-шараға ақсақалдар мен ақжарлық полиция бөлімінің жеке құрамы, аудан әкімі Ербатыр Мадьяров пен СҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев қатысты.

Сәбит Қасенұлы ішкі істер органында 34 жыл қызмет атқарып, қатардағы милиционерден – полковникке дейін, учаскелік инспектордан – аудандық ішкі істер бөлімінің басшысына дейін жеткен. Оның өмір жолы - әр офицер үшін хрестоматия. Жас қызметкерлерге әдептіліктің, халыққа және заңға шексіз беріле қызмет етудің, адалдықтың, қарапайымдылықтың қыр-сырын үйренуге болады. Қазақта "Ер есімі, ел есінде" деген аталы сөз бар. Лайықты саңлақ офицерлерді, даңқты дәстүрлерді жалғастырушыларды, тәуелсіз елімізді қорғауда нық тұрған офицерлерді тәрбиелеген қазақ халқының ұлының есімі жерлестерінің мәңгі есінде қалады, - деді құттықтау сөзінде облыстық полиция ведомствосының басшысы.

В Акжарском районе СКО открыта мемориальная доска в честь ветерана ВОв 4.JPG

Сәбит Қасенұлы 1926 жылы Арықбалық ауданында туған. 1944 жылы Кеңес Армиясының қатарына шақырылған. 1-Белорус майданының 3-армиясы құрамында Польша, Шығыс Пруссия аумағында соғысқан. Кенигсберг қаласына шабуылға, Берлинді алуға қатысқан, марапаттары өз алдына және КСРО қарулы күштерінің Жоғары Қолбасшысы Сталиннен жеке алғыс алған, II дәрежелі Ұлы Отан соғысы Орденімен, "Ерлігі үшін", "Кенигсбергті азат еткені үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен және мерейтой медальдарымен марапатталған. 1951 жылы Сәбит Қасенұлы әскерден қайтарылып, милицияға жұмысқа жіберіледі. Учаскелік инспектордан басшы лауазымына дейін көтерілген. 1974 жылы Ленинское ауданында жаңадан құрылған АІІБ бастығы лауазымына тағайындалып, 11 жылдан астам уақыт қызмет атқарған. 1985 жылы құрмет демалысына шығады.

В Акжарском районе СКО открыта мемориальная доска в честь ветерана ВОв 6.JPG

Ашылу рәсімі аяқталып, гүл шоқтары қойылғаннан кейін ардагерлер аудандық полиция бөліміндегі музей бөлмесін ашты. Музейге жергілікті тұрғындардың көмегімен, ауданның ішкі істер органдары тарихынан сыр шертетін, жәдігерлер мен фотосуреттер жиналған. Сәбит Қасенұлының туыстары да музейге ардагердің кителін, фуражкасын және өмірі мен қызметі туралы материалдар жинақталған дискіні сыйға тартты.

Өзгелердің жаңалығы