Сноубордтан Ресейдегі әлем кубогі ақпанға ауыстырылды

1 Қараша 2020, 12:42
1192
Бөлісу:
Сноубордтан Ресейдегі әлем кубогі ақпанға ауыстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сноубордтан Ресейде өтуі тиіс әлем кубогі кезеңі желтоқсан айынан ақпанға ауыстырылды деп жазады Olympic.kz. 

Халықаралық шаңғы спорты федерациясы әлем кубогі кезеңінің өту мерзімін ауыстыруды ұсынды. Спортшылардың қауіпсіздігі мен эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, екі кезеңді қатарынан Ресейде ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Бұл қатысушылардың қосымша тест тапсырып, әуе рейстерін жиі қолданбауына жол ашады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы