Ақтөбе облысында киік мүйіздерінің кезекті партиясы тәркіленді

1 Қараша 2020, 12:20
690
Бөлісу:
Ақтөбе облысында киік мүйіздерінің кезекті партиясы тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде жергілікті тұрғынның үйінен 167 дана киік мүйізі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қазан күні Шалқар ауданының Бегімбет кентінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 36 жастағы жергілікті тұрғын мен  Қызылорда облысы Арал ауданының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. 

Күдіктілердің бірінің үйінің ауласында мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз тұрған «Планета-3» маркалы мотоциклді тінту барысында 167 дана киік мүйізі салынған полипропилен қап, бұдан басқа үй қоймасынан 12 калибрлі «ИЖ-18мм» бір ұңғылы аңшы мылтығы мен 12 патрон,  ас үй бөлмесіндегі қол жуғыштың астынан салмағы 5 кг киік еті бар полиэтилен пакет табылды. 

Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-тармағымен  (Өсімдіктердің немесе  жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған  түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу)  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.



Өзгелердің жаңалығы