Смайылов: Бюджетке 130 млрд теңге артық кіріс түсті

12 Ақпан 2019, 10:42
1797
Бөлісу:
Смайылов: Бюджетке 130 млрд теңге артық кіріс түсті

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2019 жылдың бірінші айының қорытындысы бойынша республикалық бюджетке 428 млрд теңге кіріс түскенін мәлім етті.


«Мемлекеттік бюджеттік кірістері 593 млрд теңгені құрады. Былтырғы жылдың қаңтар айындағы көрсеткішпен салыстырғанда өсу қарқыны 128% құрады. Бюджетке 130 млрд теңгеге кіріс артық түсті. Республикалық бюджетке 428 млрд теңге кіріс түсті», - деді министр.

Оның айтуынша, бұл көрсеткіш жоспардан 47,6 млрд теңгеге, ал өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 129 млрд теңгеге артық. Өсу қарқыны – 143,1%.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов жоспардың асыра орындалу негізінен корпоративтік табыс (17,4 млрд теңге) және қосымша құн салықтары бойынша (35,9 млрд теңге) жүзеге асқанын атап өтті.

Осыған дейін Астанада құрылыс қарқыны төмендегенін жазған болатынбыз.
Дәурен ЕРБОЛАТ
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы