СҚО мен Қостанайда ауа райына байланысты жол жабылды

10 Наурыз 2021, 22:05
1645
Бөлісу:
СҚО мен Қостанайда ауа райына байланысты жол жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ИИДМ баспасөз қызметі жолдағы қозғалысты шектеу туралы жедел ақпаратты таратты.

Қостанай облысында 2021 жыл 10 наурызда сағат 22.00 шамасында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) «Екатеринбург-Алматы» автожолының 686-729-шақырымының Сарыкөл ауылы-СҚО аумағы учаскесінде көліктің барлық түрінің жүруіне шектеу қойылды.

Сонымен қатар СҚО облысында 2021 жыл 10 наурызда сағат 22.00 ауа райының нашарлауына байланысты «Екатеринбург-Алматы» 729-768-шақырымының Қостанай облысы-Тоқсан би ауылы аумағында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.



Өзгелердің жаңалығы