Әскери спортшылардың үздігі анықталды

5 Наурыз 2019, 15:02
1681
Бөлісу:
Әскери спортшылардың үздігі анықталды

Астана, BAQ.KZ. Щучинскіде шаңғы спортынан ҚР Қаруды күштерінің XVI спартакиадасы өз мәресіне жетті.

Дәстүрге айналған жарыс биыл да үздік әскери спортшылардың ең мықтыларын анықтады. ҚР ҚМ әскерінің орталық спорт клубының оқу-жаттығу базасында өткен сайыста қатысушылар потрульдердің командалық және 2х5 км эстафеталық жарыс түрдері бойынша бабы мен бағын сынады. Аталған сайыс түрінен Қорғаныс Министрлігінің Ш. Уәлиханов атындағы Кадет корпусы жеңімпаз атанды. ҚР Қарулы Күштерінің Тылы және қару-жарақ бастығының басқармасы екінші орынға табан тіресе, Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы басқармасы үздік үштікті қорытындылады.                                                                                          

Патрульдердің 10 шақырымдық командалық жарысында тағы да Кадет Корпусының әскери қызметшілері спартакиаданың чемпиондары атанды. Аталған сында "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының командасы 2-орынды иеленсе, қола жүлде Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы басқармасының спортшыларына бұйырды.

Сонымен қатар, биылғы спартакиада шеңберінде шаңғы жарысынан басқа тағы да 7 әскери қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар өтуде.     

Өзгелердің жаңалығы