Шымкенттік полицейлер жоғалған баланы тауып, отбасына қайтарды

24 Қазан 2020, 12:30
1659
Бөлісу:
Шымкенттік полицейлер жоғалған баланы тауып, отбасына қайтарды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте жоғалып кеткен баланы полицейлер тауып, отбасына қайтарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қазан күні сағат шамамен 17:00-де Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. 

Ол өз арызында ұлы белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағандығы туралы шағымданған. 

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері шақырту орнына дер кезінде жетіп, мән-жайды анықтап әкімшілік аумақты аралау барысында баланы аман-есен тауып, үйіне жеткізді.


Өзгелердің жаңалығы