Шымкенттік полицейлер әлеуметтік желідегі алаяқты ұстады

18 Мамыр 2021, 22:28
1871
Бөлісу:
Шымкенттік полицейлер әлеуметтік желідегі алаяқты ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттік полицейлер әлеуметтік желідегі алаяқты ұстады, деп хабарлады Polisia.kz. 

2021 жылдың 17 мамырында Қаратау аудандық ПБ-ның 102 нөміріне Шымкент қаласының 30 жастағы тұрғыны арызданған. Ол арызында белгісіз біреу телефонмен қонырау шалып, ақпараттық жүйені пайдаланып, сіздің есепшотыңыздағы ақшаны біреу жымқырмақ деп, әлеуметтік желіден қосымша бағдарлама жүктеткен. 

Содан атына тіркелген банк есеп шотынан 250 мың теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алған. Қаратау аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жергілікті жердің 28 жастағы тұрғыны анықталды. 

Тексеру жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға бейтаныс азаматтарға жеке есепшотқа қатысты мәліметтерді бермеуге, ақша аудармауға кеңес береді. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.


Өзгелердің жаңалығы