Шымкентте велоспорттан Қазақстан кубогінің иегерлері анықталды

23 Қазан 2021, 11:24
835
Бөлісу:
Шымкентте велоспорттан Қазақстан кубогінің иегерлері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте велоспорттан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан кубогі мәресіне жетті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Алғашқы жарыс күнінде ерлер арасында 90 шақырымдық топтық жарыс өтті. Аталған сында СҚО өкілі Александр Семенов жеңіске жетті. Екінші орынды Жамбыл облысының намысын қорғаған Нұрберген Нұрлықасым, үшінші орынды СҚО-ның тағы бір өкілі Илхан Достиев иеленді. 

Ерлер арасындағы жекелей сында Андрей Ремхе (Алматы облысы) алтын алса, Алексей Ваганов (СҚО) күміс, Максим Тараскин (Алматы облысы) қола жүлдегер атанды. ⠀

Әйелдер арасындағы жекелей сында елордалық Елена Мандракова жеңіске жетті. Светлана Пащенко күміс, Ульяна Сухоребрик қола медаль жеңіп алды. Әйелдер арасындағы командалық жарыста  Алматы облысы, ерлер арасында Солтүстік Қазақстан облысы топ жарды. 

Өзгелердің жаңалығы