Шымкентте үшем дүниеге келді
PHOTO
12 Мамыр, 17:10 489

Шымкентте үшем дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте бес баланың анасы үшемді дүниеге әкелді. Қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері үш сәби мен анасын бүгін перзентханадан сән-салтанатпен шығарып салды.

Айсұлтан, Әлия және София есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты. Үшем 24 сәуір күні жүктіліктің 35-ші аптасында жасанды тілік арқылы туған. Сәбилердің салмақтары 2000-2470 грамм, бойлары 40-42 см құрайды. Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулықтары жақсарған.

Осылайша 33 жасында үшем босанған қала тұрғыны Гүлмира Юсупова бірден сегіз баланың анасы атанды.

Айта өтсек, жыл басынан бері қалада 10649 сәби дүние есігін ашқан. Оның  5165 қыз болса,  5484 ұл бала.


Фото: дереккөз
Загрузка...