Бас жаңалықтар
Шымкентте пойыз бен жеңіл көлік соғысты
21 Қыркүйек 2020, 22:35 423

Шымкентте пойыз бен жеңіл көлік соғысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте Пойыз бен «Mercedes-Benz» маркалы автокөлігі соқтығысты, деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қыркүйек 08:12 шамасында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында пойыз бен «Mercedes-Benz» маркалы автокөлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алған.
Аталған жайт бойынша ешкім дене жарақатын алмаған. «Mercedes Benz» автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлігімен хаттама толтырылды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...