Шымкентте екі жұмысшы қаза тапқан төтенше жағдайдың себебі айтылды

9 Қараша 2019, 14:15
1647
Бөлісу:
Шымкентте екі жұмысшы қаза тапқан төтенше жағдайдың себебі айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент әкімдігі жер опырылып, екі жұмысшы қайтыс болған оқиғаның алдын ала себебін айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Қала әкімінің баспасөз қызметіндегілер алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиғаға "Югстройсервис-Н" ЖШС мердігерінің қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтамауы себебінен болған. 

Сондай-ақ, ведомство өкілі оқиға Шымкенттің әкімшілік-іскерлік орталығында болғанын айтты. Қазаншұңқырды 9 қабатты үш үйдің құрылысы үшін қазған. Тапсырыс беруші - қалалық құрылыс басқармасы. Жұмыстың конкурстық құны 1 982 821 теңге. Нысан құрылысы 8 қазанда басталып, 2020 жылы аяқталады деп жоспарланған. 


Еске салсақ, Шымкентте жердің опырылуынан екі жұмысшының қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы