Бас жаңалықтар
Шымкентте жердің опырылуынан екі жұмысшы көз жұмды
09 Қараша 2019, 11:22 256

Шымкентте жердің опырылуынан екі жұмысшы көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте шұңқырды қазу кезінде топырақтың опырылып түсуінен екі жұмысшы қаза болды, деп хабарлады ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. 

Қайғылы оқиға 8 қараша күні Қаратау ауданындағы Нұрсат-3 шағын ауданында Назарбаев даңғылында болған. Сағат 20.54-те құтқарушылардың пультіне хабарлама келіп түсті.

топырак.jpg

"ЮгСтройСервис-Н"  ЖШС жұмысшылары шұңқырды қазу кезінде топырақ опырылып түсті. Топырақ астында 3 техника бірлігі және 3 жүргізуші қалып қойды. Шұңқырдың тереңдігі 20-25 метр, көлемі -  37х37 метр, - деп хабарлады ТЖК.

Үйіндіден бірінші болып 1993 жылғы ер адамды алып шықты. Оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Ал оның әріптестерін аман алып қалу мүмкін болмады. 1969 жылғы ер адамның денесін үйіндіден 21.40-та алып шықса,  1965 жылғы үшінші жұмысшыны сағат 22.49-ға  дейін іздеді. Іздеу құтқару жұмыстарына 5 сағат кетті.

нурсат.jpg

Оқиға орнында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің 40 қызметкері мен 11 техника бірлігі жұмылдырылды. Операцияға полиция департаменттері, жергілікті атқарушы органдары, жедел жәрдем қызметкерлері және ЖШС жұмысшышары да қатысты, - деп хабарлады ведомство.


Фото: дереккөз
Загрузка...