Шымкентте «Бірлік жолы» этнофорумы өтті

30 Сәуір 2019, 16:27
4093
Бөлісу:
Шымкентте «Бірлік жолы» этнофорумы өтті
PHOTO
Фото: автордан

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында Шымкентте «Бірлік жолы» этнофорумы өтті. 

Шымкент әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде өткен форумға қалалық этномәдени бірлестік өкілдері, қоғамдық ұйымдар, жастар мен ғалымдар қатысты.
Шымкентте «Бірлік жолы» этнофорумы өтті

Форумның ресми бөлімінде ғалымдар баяндама оқыды. Аталған университеттің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Сапарбек Саховтың айтуынша, бірлік күнінің пайда болуы – еңбекшілердің ынтымақ күнімен байланысты екен.

«Мерекенің тарихы XIX ғасырдың ортасында капитал мен еңбектің теке-тіресі күшейген кезде, АҚШ-тың Чикаго қаласында жұмысшылардың қалада митинг өткізуге рұқсат бермеген соң орманға барып өткізуінен шыққан. Бұл мереке Еңбекшілердің ынтымақ күніне баланған. Ал 1991 жылдан бастап, Елбасымыз бұл мерекені өзінің жарлығымен – Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп атады», - дейді Сапарбек Сахов.

Бірлік жолы этнофорумының Халықтар достығы университетінде ұйымдастырылуы да бекер емес. Бұл оқу орнында 20-ға жуық этнос өкілдері білім алады. Талапкерлер құрамы көпұлтты этнос өкілдерінен құралған. Сондай-ақ, университет атауы да затына сай болып отыр.

Шымкентте «Бірлік жолы» этнофорумы өтті

«Біздің университетіміз түрлі ұлт өкілдерінің басын қосып, достығын сақтау мақсатында құрылған десек қате айтпаймыз. Мәселен, қазір 20-дан астам этнос өкілдерінен құралған 500-ден астам студент білім алып жатыр. Оның ішінде Қытайдан, Ресейден және Тәжікстаннан келген талапкерлер бар. Сондай-ақ, үш тұғырлы тіл қағидасын сақтап, білім беруді жалғастырып келеміз. Біз үшін университетімізде түрлі ұлт өкілдерінің білім алып жатқаны мақтаныш», - дейді Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры Рабиға Қуатбекова.

Шымкентте «Бірлік жолы» этнофорумы өтті

Бірлік жолы этнофорумы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімінде қонақтар арнайы баяндама жасаса, екінші бейресми бөлімінде түрлі этнос өкілдерің қатысуымен арнайы концерт өтті.

Өзгелердің жаңалығы