Шымкентте 9 мамырда кімдерге бір реттік әлеуметтік төлем беріледі?
5 Мамыр, 12:25 378

Шымкентте 9 мамырда кімдерге бір реттік әлеуметтік төлем беріледі?

Шымкент қаласы, BAQ.KZ тілшісі. Республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысына қатысқан 7 ардагер бар. 

Екінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстандағы әрбір отбасына салған ізін еске алу күні, яғни 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінде оларға мемлекет бюджетінен 360 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 1 102 680 млн теңге әлеуметтік төлем беріледі. 

2020 жылы елімізде «Ардагерлер туралы» заң қабылданып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушыларына 9 мамырда 1 млн теңгеден беріліп келеді.

Сондай-ақ, Шымкентте түрлі жергілікті соғыс қимылдарына, бітімгерлік миссиялар және түрлі апаттардың салдарын жоюға қатысқан (КСРО кезінде басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан, КСРО кезінде Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан, Тәжік-Ауған шекарасындағы Тәуелсіздік Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейтуге қатысқан, Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан, Ирактағы бітімгершілік операцияларға бітімгерлер ретінде қатысқан, Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан, Семей полигонынла әскери борышын өтеушілер) 2165 адам тұрады. 

Оларға 36 АЕК көлемінде, яғни 110 268 теңге бір реттік төлем береді. Шымкент қаласында 2570 тыл еңбеккері бар. Оларға 36 756 теңге әлеуметтік төлем жасалады. Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне 12 АЕК көлемінде, яғни 36 756 теңге бір реттік әлеуметтік төлем береді. Қалада мұндай 130 адам бар, – дейді Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова. 


Фото: дереккөз
Загрузка...