Шымкентше дамудың жарқын үлгісі

20 Маусым 2019, 19:06
2675
Бөлісу:
Шымкентше дамудың жарқын үлгісі
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Шымкент қаласының күніне орай «Шымкентше дамудың жарқын үлгісі!» атты фотокөрме ашылды.

«Keruen City» ОСО-да өтіп жатқан көрме 20 күнге созылады. Көрмеге келушілер Шымкент қаласы мен оның айналасындағы көрікті жерлер, киелі орындар, табиғи ескерткіштер мен қарапайым қала тұрғындарының күнделікті тұрмыс-тіршілігін баяндайтын фотосуреттердің әр мезгілде және әр қырынан түсірілген жиынтығын тамашалай алады.

Шымкентше дамудың жарқын үлгісі

Шымкентше дамудың жарқын үлгісі

Басты мақсат Шымкенттің туристік әлеуетін баршаға паш ету, мүмкіндігінше халықаралық деңгейге жеткізу. Сол арқылы шаһарға келетін шетелдік туристер санын арттыру.

Шымкентше дамудың жарқын үлгісі

Шымкентше дамудың жарқын үлгісі

«Дәл қазір біз көрмеге тек 30 сурет алып келдік. Жалпы, біздің қорда 4000 сурет бар. Бұл суреттерді кейінірек міндетті түрде әлеуметтік желілерде жариялайтын боламыз», - деді «National Geographic Qazaqstan» журналының жауапты редакторы Арай Ізбай.

Шымкентше дамудың жарқын үлгісі

Шымкентше дамудың жарқын үлгісі

Оның айтуынша, көрмеге қойылатын суреттерді іріктеп алу оңайға соқпаған.

Шымкентше дамудың жарқын үлгісі

«Көрмеге қойылған суреттерді «National Geographic Qazaqstan» журналы мен қалалық әкімдік бірлесе отырып, компазициялық тұрғыдан іріктеп алды. Суреттерді іріктеу, келісу оңайға соқпады. Біздің журналдың басты кеңсесі АҚШ-та орналасқан, редакциялық саясатқа байланысты біздің суреттерге деген және тапсырыс беруші әкімдіктің талаптары ескеріле отырып, бір ортақ шешімге келдік», - дейді Арай Ізбай.

Шымкентше дамудың жарқын үлгісі

Шымкентше дамудың жарқын үлгісі

Көрмеге қойылған суреттер арнайы экспедиция барысында түсірілген.

«Біз Шымкент қаласының туризм басқармасынан шақырту алдық. Сол үшін арнайы экспедиция ұйымдастырып, екі аптаға жуық 4000 шақырымға жуық жерді араладық. Бұл Шымкенттің өзі және Шымкенттің айналасы. Экспедиция жұмысына ғалымдар, журналымыздың мамандары, еліміздегі танымал фотографтармен қатар Таиландтан арнайы шақыртылған шетелдік фотограф Сасин Типчайсин қатысты. Олар Шымкенттен 41 шақырым қашықтықта орналасқан Ақмешіт үңгірін, Ақсу-Жабағылы қорығын, жалпы сол өңірдегі туристік әлеуеті зор нысандарды аралып, танысып қайтты», - деді Арай Ізбай.

Шымкентше дамудың жарқын үлгісі

Айта кетейік, бұл жобаны Шымкент қаласы Туризм басқармасының тапсырысы бойынша «National Geographic Qazaqstan» журналы жүзеге асырды. 



Өзгелердің жаңалығы