Бас жаңалықтар
Шымкент: «Нұрсәттегі» заңсыз құрылыс тоқтатылды
28 Қараша 2020, 07:17 691

Шымкент: «Нұрсәттегі» заңсыз құрылыс тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Нұрсәт» шағынауданындағы №218 үйдің жанынан салынғалы жатқан көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Бүгінде құрылыс үшін қазылған орын топырақпен толтырылып, қайта қалпына келтірілді.

Құрылысты жүргізіп отырған «Комфорт building» құрылыс компаниясының сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаты жоқ екені анықталған.

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасы бойынша заңсыз құрылыс тоқтатылып, мердігерге айыппұл салынған болатын.

Енді бұл аумақта тұрғындардың қалауымен гүлзар немесе әмбебап спорт алаңы салынатын болады.


Фото: дереккөз
Загрузка...