СҚО-ның жедел жәрдем қызметi көлiкпен 100% қамтамасыз етiлді

28 Қараша 2020, 06:39
1364
Бөлісу:
СҚО-ның жедел жәрдем қызметi көлiкпен 100% қамтамасыз етiлді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жайында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiлердегi парақшасында жазды.

Бүгiн бiздiң аудандарға 20 жаңа реанимобиль жөнелтiлдi. Айта кету керек, бiз бiрiншi рет аудандарды заманауи реанимобилдермен жабдықтап отырмыз. Жаңа көлiктер аудан орталықтарындағы медициналық көмектiң сапасын және жедел жәрдемнiң жұмысын жақсартады. Ең бастысы, ауыл тұрғындарына жедел медициналық көмек көрсетiледi. Сондай-ақ, машиналар жаңа туған және шала туған нәрестелердi тасымалдау үшiн арнайы капсуламен қамтамасыз етiлген, - деп жазды облыс әкiмi.
Екi ай бұрын Петропавл 18 реанимобилмен қамтамасыз етiлдi. Қазiр облыста 59 жедел жәрдем көлiгi бар, оның 80% заманауи реанимобилдер.
Жыл басында жедел жәрдем көлiкпен 76% қамтамасыз етiлген болатын. Бүгiн бiз бұл көрсеткiштi 100 пайызға жеткiздiк. Осылайша, жедел жәрдем қызметi көлiкпен толық қамтамасыз етiлдi. Әсiресе пандемия кезiнде бұл өте маңызды, - дедi өңiр басшысы.

Өзгелердің жаңалығы