Бас жаңалықтар
Шымкент қаласындағы мектептерде медициналық кабинеттер жаңартылуда
24 Ақпан 2020, 21:54 195

Шымкент қаласындағы мектептерде медициналық кабинеттер жаңартылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте МӘМС жүйесі бойынша мектеп қабырғасында балаларға көрсетілетін медициналық көмекті БАҚ-на таныстыру үшін пресс-тур өтті.

Шара барасында тілшілер №65 мектеп қабырғасындағы медициналық пунктің жағдайымен танысты. Атап айтқанда, журналистер қабылдау бөлімі мен ем-шара кабинетінің жұмысын көріп шықты. Мектептегі медициналық кабинеттерде алғашқы медициналық көмек және профилактикалық қызметтер көрсетіледі.

Мұндағы медицина мамандары автоматандырылған басқару жүйесі арқылы жұмыс істейді. Бірыңғай жүйе арқылы мектептегі медицина мамандары оқушының денсаулық жағдайы туралы ақпаратты жергілікті емханаға хабарлама беріп отырады.

мәмс 1.jpg

Бүгінде Шымкент қаласында 137 мектеп бар. Оларға 18 медициналық мекеме МӘМС жүйесі аясында қызмет көрсетуде. Мектеп ішіндегі медициналық ахуалға қанық болған "Міндетті медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалының директорының орынбасары Шалқар Шеримов биылғы жылы қаладағы мектеп медицинасының дамуына қазынадан 1 миллиардтан астам қаражаттың бөлінгенін мәлімдеді. 

Жыл басынан бері шаһардағы барлық білім ұяларындағы медициналық кабинеттерді қайта жабдықтап жатырмыз. Мамандар санын да көбейтеміз. Бұл өз кезегінде оқушылардың денсаулығын жақсартып, балалар арасындағы түрлі аурулардың алдын-алуға септігін тигізеді, - дейді Ш.Шакимұлы.
Бөлінген қаржы бойынша мектеп қабырғасындағы балаларға жыл сайын профилактикалық тексеруден өту және стоматологиялық медициналық көмектер көрсетіледі.

Фото: дереккөз
Загрузка...