Бас жаңалықтар
Алдағы үш тәулікте шығыста жаңбырлы болады
08 Шілде 2020, 18:36 87

Алдағы үш тәулікте шығыста жаңбырлы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары 2020 жылғы 9-11 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде ыстық, жауын-шашынсыз ауа райын сақтайтын Ираннан келіп түсетін жылы және құрғақ ауа массалары Ақтөбе және Қостанай облыстарына әсер ете бастайды. Алайда, еліміздің солтүстігінде және орталығында найзағаймен өткінші жаңбыр тудыратын биіктік жыра жылжып, Қазақстанның шығысында тұрақсыз ауа райына себепші болады – жаңбыр, кей жерде қатты дауыл, екпінді жел күтіледі, бұршақ түсуі мүмкін, - делінген хабарламада.


Фото: дереккөз
Загрузка...