Маңғыстау облысында "Шектеусіз спорт" жобасы жүзеге асырылады

8 Шілде 2020, 18:21
1997
Бөлісу:
Маңғыстау облысында "Шектеусіз спорт" жобасы жүзеге асырылады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оның шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пауэрлифтинг секциясы жұмыс істейді. 

Залға 70-тен астам спортшы мен параспортшылар, кәсіпқойлар мен әуесқойлар келіп, спортпен айналысады. Барлық дерлік спортшы Қазақстанда және әлемдік аренада пауэрлифтинг және орындықта жатып көтеру бойынша жетістіктерге қол жеткізген.

Олардың ішінде 59 жасар Бақыт Құдайбергенова да бар. Оны спортшылар сыпайы түрде "Бақыт апа" деп атайды. Ол үйреншікті өмір сүреді. Бірақ спорт әйел өмірінде ерекше болады. Бақыт апа аптасына үш-төрт күнді жаттығуларға арнайды.

WhatsApp Image 2020-07-08 at 18.00.16.jpeg

Бақыт балалық шағында аяғын сындырып алған. Қарапайым сынық мүгедектікке айналып, оны ұзақ уақыт бойы арбаға таңып қойды. Ата-анасы баласын аяққа тұрғызуға тырысты, көптеген дәрігердің қарауында болды. Бірақ барлық әрекет сәтсіз аяқталды. Мектеп бітіргеннен кейін Бақыт емін жалғастырды, ауруханаларға барып, Елизарова аппаратын пайдаланды. Қыз бала баяу жүре бастамас бұрын бірнеше жыл уақыт өтеді.

Әр түрлі емдеу әдістерін қолданғаннан соң, үлкен қиындықтардың нәтижесінде балдақтың көмегімен жүре бастадым. Сол кезде мен мүгедектігі бар адамдар спортпен айналыса алатынын біліп, оған қызығушылық таныта бастадым. 1992 жылы Маңғыстауда алғаш рет пауэрлифтинг федерациясы ашылды. Мен ауыр атлетика секциясына жазылдым, бірақ спорт түрімен ұлымды дүниеге алып келгеннен кейін шындап айналыса бастадым, - дейді Бақыт Құдайбергенова.
Пауэрлифтингтен басқа, әйел үшсайыс, үстел теннисі, жүзу және басқа да спорт түрлерімен айналысты. Соңғы жылдары Бақыт Құдайбергенова бар күшін ауыр атлетикаға шоғырландырды, сонымен қатар, тоғызқұмалақ ойынымен шұғылданады.
Мүгедектік - бұл үкім емес. Мен мұны өзіме деген бір сын ретінде қабылдаймын. Ұзақ жолдан өттім, көптеген атақ пен марапатым бар. Оның бәрінде ұлым маған қолдау көрсетеді, біз бірге жаттығуларға барамыз. Менің жасым 60-қа таяп қалды және ауыр штангаларды көтеріп, жаттыққаннан рахаттанамын. Менің ойымша, ештеңеге қарамастан спортпен айналысу және саламатты өмір салтын ұстану өте маңызды, - дейді Бақыт апа.
Ғани Исентеміров парапауэрлифтер және спорттың ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеді.
WhatsApp Image 2020-07-08 at 18.00.15 (1).jpeg
Біздің жобамыздың бағыты - дені сау спортшылар мен параспортшы-пауэрлифтерлерді қолдау, оларды халықаралық және әлемдік деңгейдегі түрлі чемпионаттарға дайындау, сондай-ақ, Маңғыстау облысының тұрғындары арасында бұқаралық спорт пен саламатты өмір салтын дамыту, - дейді ол.

Федерация өкілдері білім алу мүмкіндігіне ие болды. Олар үшін әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша оқыту бағдарламасы ұйымдастырылды. "Әрекет" жобасында оқу үдерісі үздіксіз, жобаны жүзеге асыру уақытында оның қатысушылары воркшоптар мен вебинарлар арқылы жаңа білім мен дағдыларды алады.

Дені сау спортшылар біздің залға ақылы негізде келеді. Бұл мүгедектігі бар адамдарға тегін айналысуға мүмкіндік береді. Біз мүмкіндігі шектеулі жастарды өз денсаулықтарын түзеп, қоғамға бейімделуге көмектесу үшін көптеп тартамыз, - дейді Ғани Исентеміров.

Пандемияға байланысты зал уақытша жұмысын тоқтатты.

Өзгелердің жаңалығы