Шығыс Қазақстанның күре жолдарын мұз басты

13 Қараша 2019, 09:51
3177
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанның күре жолдарын мұз басты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда күре жолдар көк мұзға оранған, деп хабарлады "Хабар 24".

Трассаларға құм, тұз себіліп жатыр. Жол сақшылары көлік жүргізушілеріне аса сақ болуды ескертіп, жадынама парақтарын таратуда. Ал құтқарушылар болса, жол талғамайтын көліктерін әзірлеп, кез келген шақыртуға дайын отыр. Айта кету керек, өткен қыс бойы аймақта жол 119 рет жабылып, жалпы 300-ге жуық адам құтқарылған. Шығыс Қазақстанның ең әдемі демалыс орындарына апаратын Өскемен-Алтай трассасы – ең қиын жолдың бірі.

10-шақырымға жуық серпантинді былай қойғанда, жол түгелдей дерлік тау-жотаның үстімен өтеді. Қазір көк мұзға оранып жатыр. Бұл жолдан өткендердің барлығы да көлік дөңгелектерін қысқы маусымға сай ауыстырған екен. Алайда жылдамдықты азайтып, сақтықты күшейтуге көлік жүргізушілері салғырт қарайды. Сондықтан жол сақшылары ескерту қағаздарын таратып, рульдегі азаматтарды абай болуға шақыруда.
Ескертеміз оларға. Жолға шығарда  қысқы дөңгелектерін салып алса, күрек трос лампаларын, жанар жағар майын алып жүрсе, өздеріне қолайлы бола ма дейміз, өйткені жол апаты салдарынан жол жабылып қалуы мүмкін немес ауа райы күрт өзгеріп кетсе, жолды жауып тастаймыз, - дейді ПД ЖПҚ басқармасыныің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ержан Самарқанов. 

Осы Өскемен мен Алтайдың арасына соңғы бір-екі күн бойы арнайы жол техникалары жиі шығатын болған. Өйткені жол жылтырап жатыр. 10-нан астам аса қауіпті участок бар. Құм, тұз, шлак сеппесе қатынас бірден қиындайды. Шыңғыс Заитов,
Көктайғақтың алдын алу үшін таңертең алдымен мастерлар шығып, жолды бір барлап шығамыз, содан кейін қауіпті учаскелерге құм сеуіп шығамыз. Биыл шағым түсе қойған жоқ, осы уақытта шамамыз келгенше үлгеруге тырысып жатырмыз, - дейді №30 жол пайдалану бөлімінің бас инженері Шыңғыс Заитов.
Жедел құтқару отряды да техникаларын түгендеп, сақадай сай отыр. Өткен жылы 7 рет құтқару шарасына қатысқан топтың тәжірибесі мол. Кез келген қиын жолды еңсеретін 6 темір тұлпар тұр. 3-еуі Семейде, қалғаны – Өскеменде. Жақында бұлардың қатарына жол талғамайтын көліктердің үздік үштігіне енетін техника да қосылмақ.
Осы айдың соңына қарай, екі Шерп аламыз.Ол өте қиын жерлерде іздеу шараларын жүргізу үшін таптырмайтын транспорт. Қалың қарда жүруге арналған тағы екі көлік бөлінеді. Жалпы бұл да аз дер едім. Арнайы көліктің жеткілікті болғаны дұрыс. Дегенмен біздің отряд әзірге 80 процент қамтылған, - дейді облыстық өрт сөндіру және құтқару отрядының басшысы Игорь Лапенлавский.
Құтқарушылардың айтуынша, жергілікті жұрт тәуекелшіл. Жолдың жабылғаны жайлы хабарламаны көріп тұрып, сапарға шығып кететіндер көп көрінеді. "Тіпті қасындағы кішкене балалар мен жүкті әйелдердің өмірі үшін де алаңдамайды", дейді отрядтағылар. Айта кету керек, осы маусым басталғалы бері өлкедегі әртүрлі маңыздағы жолда 9 рет көлік қозғалысына шектеу қойылды.


Өзгелердің жаңалығы