Шығыс Қазақстанда халықтың 90%-ы вакцина алған

22 Қыркүйек 2021, 17:58
11751
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда халықтың 90%-ы вакцина алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтов хабарлады. 

Оның айтуынша, облыста биыл 1 ақпаннан бастап халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Сондай-ақ өңірде 343 егу кабинеті ашылып, сауда орталықтарында егу пункттері белсенді ұйымдастырылған.

Ауылдарда жылжымалы пункттер мен мобильді кешендер жұмыс істейді. Жалпы бүгінгі күні вакцинациялауға жататын халықтың 85 пайызы толық екпе алса, бірінші компонентпен 90 пайызы егілді. Егер сандық тұрғыдан қарайтын болсақ, вакцинаның бірінші компонентімен 677 мыңнан астам адам, ал екіншісімен – 541 мыңнан астам адам егілді, - деді облыс әкімінің орынбасары.
Айта кететін жайт, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда вакцинация процедурасынан өту үшін вакцинаның үш түрі бар. Олар: «Спутник V», QazVac, Sinopharm.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстанда 400-ге жуық оқушы коронавирус жұқтырғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы