Шортандыдағы газ жарылысынан зардап шеккен бала көз жұмды
21 Қараша 2021, 14:55 195

Шортандыдағы газ жарылысынан зардап шеккен бала көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Ақмола облысының Шортанды ауылында газ жарылысынан зардап шеккен 12 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ақмола облысының Шортанды ауылында газ баллоны жарылысы салдарынан зардап шеккен 2009 жылы туған бала 20 қараша күні кешке қайтыс болды. Айта кетейік, бала елордалық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Ол дереу реанимация бөліміне жатқызылды, себебі жағдайы өте ауыр болды. Дененің термиялық күйігі 70 пайыз болды. Сондай-ақ өте ауыр дәрежедегі күйік шогы да байқалды, - делінген хабарламада.

Ведомстводан атап өткендей, барлық жүргізілген емдеу шараларына қарамастан, жансақтау бөлімшесінде болған науқасты құтқару мүмкін болмады.

20 қарашада баланың жүрегі тоқтады. Жансақтау шаралар аясында жүрек қызметі қалпына келмеді. Сағат 21:00-де биологиялық өлім анықталды. Біз баланың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз, - деп толықтырды ведомстводан.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккен тағы үш баланың бірінің жағдайы ауыр.

Үш баланың бірінің денесі 60 пайыз күйік алған, жағдайы өте ауыр жансақтау бөлімшесінде жатыр. Өткен аптада тағы екеуі бейінді бөлімшеге ауыстырылды, онда барлық қажетті ем алып, дәрігерлердің бақылауында болады. Балалардың жағдайы тұрақты, динамикада нашарлаусыз, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 16 қарашада Ақмола облысы Шортанды ауданында газ баллоны жарылып, үш адам қаза тапқан еді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...