Бас жаңалықтар
Шоқпар станциясында жолаушылар пойызының қозғалысы қалпына келтірілді
01 Шілде 2020, 09:01 140

Шоқпар станциясында жолаушылар пойызының қозғалысы қалпына келтірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысындағы Шоқпар станциясында жолаушылар пойыздарының қозғалысы қайта жанданды. Бұл туралы "ҚТЖ" баспасөз қызметі хабарлады. 

Естеріңізге сала кетейік, 30 маусым күні сағат 01.30-да Шоқпар станциясына 45 км/сағ жылдамдықпен келген №2950 жүк пойызының екі вагоны жолдан шығып кетіп (цистерна, платформа), цистернадағы бензиннен өрт шыққан болатын. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Апаттың алдын ала шығу себебі "HOLDING" РТС ЖШС жекеменшік компаниясына тиесілі цистернаның доңғалақ жұбы осінің ортаңғы бөлігінің сынып кетуі.

Оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Теміржолшылар пойыздардың қозғалыс кестесін қалпына келтіру үшін барлық мүмкіндіктерді жасауда. Учаске бойынша барлығы 12 жолаушы және 10 жүк пойызын өткізу ұйымдастырылды. Кестеден кешіккен пойыздардың жолаушыларына қажетті көмек көрсетілді. Атап айтқанда, Еспе станциясында №44 пойыздың жолаушыларын, жүкті әйелдерді Шу қаласының аудандық ауруханасына тасымалдау ұйымдастырылды. Станцияларда жолаушыларды ауыз сумен және азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған орындар ашылды. Шу станциясы мен вокзалы басшылығы жолаушылар пойыздарының бригадаларымен бірлесіп билет құнын қайтару және келтірілген қолайсыздықтар үшін өтемақы төлеу секілді мәселелерді шешу бойынша жұмыстарды ұйымдастырды. Шу станциясының перронында пойыз жолаушыларына биотуалеттер орнатылды және кетуге ниет білдіргендер үшін автокөлікке (таксиге) отырғызу ұйымдастырылды, - делінген хабарламада. 
Жолаушылар пойызының кешіккені үшін айыппұл төлеу жолаушының өтініші бойынша әрбір кідірістің толық сағаты үшін жол жүру құжаты (билеті) құнының үш пайызы мөлшерінде, бірақ жол жүру құжатының (билеттің) құнынан аспайтын мөлшерде жүргізілетінін атап өту қажет.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...