Бас жаңалықтар
Президент шетелдік нөмірі бар көліктерге қатысты шешім қабылдады
24 Қаңтар 2020, 13:41 8634

Президент шетелдік нөмірі бар көліктерге қатысты шешім қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев нөмірлері шетелдік көліктерге қатысты тапсырмалар берді. 

Мен Бас прокуратураға шетелден келетін көліктерге қатысты мәселеге байланысты құқықтық баға беруді тапсырамын. Бұл мәселені шешу үшін Үкімет бір ай көлемінде ондай азаматтарды бір-ақ рет берілетін уақытша тіркеумен қамтамасыз етуі керек. Бұл шара 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Еуразиялық Одақтан әкелген көліктерге қатысты. Тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жарамды болады. Мұндай көліктер техникалық регламенттің талаптарына сай болуы тиіс. Осы ретте еліміздің азаматтары тіркеу алымдары мен мемлекеттік баж төлеуі қажет. Уақытша тіркеу мүліктен айыру және басқа адамға беру құқығынсыз жүзеге асуы керек, - деді президент.

Осылайша көлік иелері 2021 жылдың 1 наурызына дейін кеден бажы мен утилизациялық салықты төлеп, тұрақты тіркеу алуы тиіс. Егер олай істемейтін болса, көлікті шетелге шығарып немесе заңға қайшы емес әрекет істеуі керек.

Үкіметке еліміздің заңына қайшы әкелінген көліктерге қатысты шара қолдануды тапсырамын. Осыдан кейін біз Қазақстанның мүддесі бірінші орында тұрып, еліміздің заңдары бұзылмауы тиіс. Басқаша айтқанда, осыдан кейін Еуразиялық Одақ аясында қол қойылатын келісімдер ұлттық мүддемізге толық сай болуы керек. Үкімет пен Парламент халық арасында заңды түсіндіру жұмысына белсенді қатысуы қажет, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, шетелдік тіркеудегі көлік мәселесіне тап болған жүргізушілер не істеу керектігі туралы жазған болатынбыз.

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...