Шетелден әкелінген көліктерге "18 аймақтық" нөмірі беріледі

27 Қаңтар 2020, 23:44
1571
Бөлісу:
Шетелден әкелінген көліктерге "18 аймақтық" нөмірі беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінген автокөлікті уақытша тіркеу, сондай-ақ оларды тұрақты есепке қою мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясына ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев, ҚР сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев қатысты.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, ЕАЭО елдерінде сатып алу-сату шарты бойынша жеке меншікке автокөлік сатып алған, бірақ Қазақстанда сенімхат бойынша әкелінген автокөліктерді ЕАЭО елдерінде есептен алып тастауға және осы бір жолғы акцияны пайдалануға мүмкіндік бар.

Бұл үшін азаматтар мамандандырылған ХҚКО-на келіп, қажетті құжаттар пакетін ұсынуы қажет. Бұл автомобильдерге арнайы түрдегі (сары түсті) және сериядағы (18 цифрмен) мемлекеттік нөмірлер беріледі, ал техникалық паспортқа аталған автокөлікті тіркеу шарттары туралы тиісті белгі енгізіледі. Мұндай автокөлікті ҚР ІІМ базасында тіркеу жол қозғалысы ережелерін бұзудан алдын алу, тежеуші фактор болып табылады. Мұндай автокөлік иелерін жедел сәйкестендіру оларға ЖҚЕ жазасыз бұзуға мүмкіндік бермейді. Бұл өз кезегінде ел жолдарындағы қауіпсіздікті арттырады, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының туындау қаупін азайтады, – дейді Марат Қожаев.

Бұдан басқа, бұл көлік жыл сайын Қазақстанда міндетті техникалық байқаудан өтеді. Қожаевтың айтуынша, мұндай автокөліктер қылмыстық қол сұғушылықтан және алаяқтық әрекеттерден қорғалады.

Автокөлікті тіркеу кезінде азаматтар кез келген елдің, соның ішінде ЕАЭО қатысушыларының жолдарымен еркін жүріп өту құқығы сақталады. Қалған баждар мен алымдарды төлегеннен кейін көліктен барлық ауыртпалықтар алынып тасталады және иесі өз мүлкіне толық көлемде иелік ете алады.

Өзгелердің жаңалығы