Шекарадан 62 литр спиртті заңсыз алып өтпек болған

14 Наурыз 2019, 11:17
2074
Бөлісу:
Шекарадан 62 литр спиртті заңсыз алып өтпек болған

Астана, BAQ.KZ. Шекарашылар өткен тәулікте елімізге заңсыз тауардар кіргізбек болғандаға тосқауыл болды, деп мәлімдейді ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Шекарашылар 300 литр жанар-жағармайды елден заңсыз шығаруға, 62 литрдан астам спиртті ішімдіктерді және 3000 қорапқа жуық темекі өнімдерін, 50 кг-ға жуық дәрі-дәрмекті елге заңсыз кіргізуге тосқауыл болды.

«Мерке» комендатурасына қарасты «Сыпатай батыр» тексеріп-өткізу бөлімшесінде 20 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы өзімен бірге 250 литр «АИ-92» бензинін ала шықпақшы болған.

Сондай-ақ, Қордай шекара отрядына қарасты «Қордай-авто» өткізу бөлімшесінде «Тойота Гранвия» автокөлігімен 5 пластмасса ыдыстарға құйылған 130 литр «АИ-92» бензинін алып шықпақ болғандығы үшін 32 жастағы Қырғыз Республикасының азаматшасы, «Мазда 626» автокөлігінде екі канистрада 60 литр «АИ-92» бензинін алып шықпақ болған 1975 жылғы Қырғыз Республикасының азаматы, Сарыағаш шекара отрядының «Қапланбек» өткізу пункітінде «КАМАЗ» жүк көлігінде 3 канистрада 60 литр дизель отынын алып бара жатқан 1973 жылғы қазақстандық ұсталды.

Ұсталған азаматтардан алынған жанар-жағармай өнімдері актіленіп, Мемлекеттік кіріс департаменттеріне тапсырылды.

Қордайлық шекарашылар тағы да, «Қордай-авто» бөлімшесінде Мерседес Бенц 311 автокөілігімен біздің елімізге қарай келе жатқан 1980 жылғы Қырғыз Республикасының азаматынан рұқсат қағаздары жоқ, жалпы көлемі 48,2 л, 1977 жылғы қазақстандықтан 14 литр әр түрлі алкоголь өнімдерін тауып, актіледі.

Кешкі сағат 20.00 шамасында дәл аталған бекетте 1958 жылғы Қазақстан Республикасының азаматшасы ұсталды. Ол жалпы саны 2890 пачка әр түрлі темекі өнімдерін өзімен бірге заңсыз алып кірмек болыпты.

Сондай-ақ, осы отрядтың «Қарасу-авто» бөлімшесінде 1966 жылы туған Қазақстан азаматынан құжатсыз 50 кг-ға жуық арықтататын дәрі-дәрмек табылып, актімен Жамбыл облысы бойынша эксперттық комиссия қызметкерлеріне тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы