"Қордай" шекара бекетінде шектеулер енгізіледі

19 Ақпан 2020, 22:06
1591
Бөлісу:
"Қордай" шекара бекетінде шектеулер енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметі бойынша 2020 жылғы 20 ақпаннан бастап "Қордай" автомобильдік өткізу пунктінде қайта жаңарту жұмыстарының басталуына байланысты тұлғаларды, көлік құралдарын және тауарларды өткізу бойынша шектеулер енгізілуде.

Осыған байланысты, жаңартудың аяқталуына дейін Мемлекеттік шекара арқылы тек Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтары шағын жүкпен (қол жүгімен) сағат 06.00 бастап 24.00 дейінгі кезеңде жаяу тәртіппен өткізілетін болады.

Шетел азаматтарын, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу үшін қазақ-қырғыз шекарасындағы басқа өткізу пунктілерін пайдалану ұсынылады:

Халықаралық:

"Қарасу" автожолдық (Қазақстан Республикасы) – "Ақ-Тілек" автожолдық (Қырғыз Республикасы);

"Сыпатай Батыр" автожолдық (Қазақстан Республикасы) - "Чалдыбар" автожолдық (Қырғыз Республикасы);

"Айша-Бибі" - автожолдық (Қазақстан Республикасы) - "Чон-Капка" - автожолдық (Қырғыз Республикасы);

"Кеген" автожолдық (Қазақстан Республикасы) - "Каркыра" автожолдық (Қырғыз Республикасы);

"Мерке" темір жолдық (Қазақстан Республикасы) - "Каинды" темір жолдық (Қырғыз Республикасы);

Екі жақты:

"Сортөбе" автожолдық (Қазақстан Республикасы) – "Токмок" автожолдық (Қырғыз Республикасы);

"Ауқатты" автожолдық (Қазақстан Республикасы) - "Кен-Булун" автожолдық (Қырғыз Республикасы).

Өзгелердің жаңалығы