Бас жаңалықтар
Шекарадан жоғарғы электр кернеуінің көрсеткіштерін алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды
15 Қаңтар 2019, 10:41 419

Шекарадан жоғарғы электр кернеуінің көрсеткіштерін алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды

Астана, BAQ.KZ. Жоғарғы электр кернеуінің көрсеткіштерін тапқан. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Сарыағаш шекара отрядының «Қазығұрт» шекаралық тексеру бөлімшесінде шекара наряды жекеменшік «Дамас» автокөлігімен біздің елден көрші мемлекетке қарай өтіп бара жатқан Өбекстан азаматын ұстады.

Шекарашылар оның көлігінен ешқандай рұқсат қағаздарынсыз шекарадан өткізбек болған 104 дана жоғарғы электр кернеуінің көрсеткіштерін тапқан.

Табылған жүктің жалпы сомасы – 840 000 теңгені құрайды. Мемлекеттік шекарадан алып өтуге болатын жүктің белгіленген мөлшерден асырылуы себепті азамат ұсталды. 

Тиісті органдар хабарланды. Тексеру жүргізілуде.

Загрузка...

Сізден жаңалық