Шарын шатқалында лай көшкінінен 2 адам қаза болды

29 Мамыр 2021, 17:21
3235
Бөлісу:
Шарын шатқалында лай көшкінінен 2 адам қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 13.35-те Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалының төменгі бөлігінде лай көшкіні болғаны туралы хабарлама келіп түсті, соның салдарынан 6 адам зардап шегіп, 2 адам қайтыс болды. 

Оның ішінде біреуі кәмелетке толмаған. 1 адам із – түссіз жоғалып кетті. Зардап шеккен адамдарға шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Із – түссіз жоғалып кеткен адамды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Шарын шатқалында лай көшкінінен 2 адам қаза болды

Балшық-сел тасқыны ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты болды (қысқа мерзімді бұршақ аралас нөсерлі жаңбыр, шамамен 15 минут жауған).

Оқиға орнында: Алматы облысының ТЖД (31 қызметкер және 8 бірлік техника), 4 жедел медициналық жәрдем көлігі, ЖАО және полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.

Толық ақпарат нақтылануда.

Алматы облысының ТЖД жедел штабы құрылды, 8(7282)22-02-13, 22-02-18 телефондары бойынша психологиялық қолдау жедел желісі жұмысы ұйымдастырылды.

ТЖМ туристік сапарлардағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады:

- Нашар көрінгенде (тұман) немесе тәуліктің қараңғы уақытында өтпеу керек. Маршрутқа барар алдында ауа-райы болжамын анықтаңыз.

- Таулы жерлерге бармас бұрын ауа-райы жағдайлары мен кедергілердің ықтималдығын ескере отырып, ықтимал қауіптерді мұқият бағалау керек. Егер ауа-райы нашарласа, жоғары емес, төмен түсіңіз.

- Таулы маршруттарда жолды мұқият қадағалаңыз және аяғыңыздың астына, әсіресе жаңбырдан кейін мұқият қараңыз.

- Жарақат алмау мақсатында тік беткейлерге көтерілмеңіз.

- Дененің қызып кетуіне, гипотермиясына жол бермеңіз.

- Егер сіз балаларды өзіңізбен бірге тауға алып барсаңыз, олар үшін жауапкершілікті ұмытпаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз.

- Өзіңізбен бірге жеткілікті мөлшерде су алыңыз. Өзіңізбен бірге компас алыңыз.

- Егер сіз топта немесе достар компаниясында саяхаттасаңыз бірге болғаныңыз жөн. Міндетті түрде өзіңізбен бірге қажетті дәрі қоры бар медициналық аптечканы алып жүріңіз. Қозғалыс қарқыны топтағы ең әлсізімен анықталады.

- Бейтаныс маршрут бойынша алғашқы жорық үшін оған барған адамды жолсеріктерден тапқан немесе осы маршрут туралы алдын-ала ақпарат табуға тырысқан жөн. Ешқашан бейтаныс маршрут бойынша тауларға жолсеріксіз бармаңыз.

- Тауларда адасып, қауіпті жабайы жануарға түсіп, жартасқа құлап кетуге болады. Қыста тауларда қар көшкіні, жазда тастардың құлауы мүмкін.

Егер сіз тауға бірнеше күнге баратын болсаңыз, онда өзіңіздің ұялы телефон нөмірлеріңізді тәулік бойы жұмыс істейтін ҚР ТЖМ бөлімшелеріне 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

Өзгелердің жаңалығы