Бас жаңалықтар
Шәпкенов Қазақстан кәсіподақтарын кәсіби мерекесімен құттықтады
08 Қазан 2021, 12:40 397

Шәпкенов Қазақстан кәсіподақтарын кәсіби мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Республиканың кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлерін 10 қазанда атап өтілетін кәсіби мерекесімен, ал Кәсіподақтар федерациясын 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атынан кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлерін келе жатқан Қазақстанның кәсіптік одақтары күнімен құттықтаймын! Бүгінде әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейінде кәсіподақтар құрылып, жұмыс істеуде, олардың құрамына 3 млн-нан астам жұмыскер кіреді. Олардың ішінде 23 салалық кәсіподақты, 17 аумақтық кәсіподақтар бірлестігін және 17 мыңнан астам бастауыш кәсіподақ ұйымын біріктіретін Кәсіподақтар федерациясы ең өкілді және жаппай кәсіподақ ұйымы болып табылады. Кәсіподақтар федерациясы Қазақстан тәуелсіздігімен құрдас және биыл оның 30 жылдығын атап өтудеміз. Осы жылдар ішінде Кәсіподақтар федерациясы экономикалық даму және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық мақсаттарына қол жеткізуде өзін белсенді қатысушы және Үкіметтің әріптесі ретінде көрсетті, - деді ол.

Министрдің сөзінше, бұған мысал – 2021-2023 жылдарға арналған жаңа ҚР Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері және жұмыскерлердің республикалық бірлестіктері арасындағы Бас келісімнің жобасымен жасалған жұмыс. Кәсіподақтар федерациясы өз алаңында алғаш рет барлық республикалық кәсіподақтар бірлестіктерін біріктіріп, кейіннен ағымдағы жылдың наурыз айында қол қойылған Бас келісімнің негізін құраған құжаттың жобасын дайындады.

Бас келісім шеңберінде мемлекеттің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын ескере отырып, тараптардың әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі негізгі міндеттемелері бекітілген:

- Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарына сәйкес ең төменгі мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды және әлеуметтік қамсыздандыру нормаларын кезең-кезеңімен арттыру жөніндегі мәселелерді қарау;

- өз мүшелерінің еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау бойынша кәсіподақтар мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің рөлін арттыру.

Оның айтуынша, бүгінгі күні мемлекетке еңбек қатынастары субъектілерінің мүдделерін оңтайлы үйлестіруге қол жеткізе алатын күшті және жауапты кәсіптік одақтар әсіресе қажет.

Бірлескен күш-жігерімізбен біз Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейін қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірледік. Жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай өндірістік жарақаттану 10%-ға төмендейді деп күтілуде. Әлеуметтік шиеленістің алдын алу және әлеуметтік-еңбек жанжалдарын шешу жөніндегі кешенді жоспар іске асырылуда. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде биыл 300-ге жуық еңбек дауының алдын алуға, сондай-ақ 20 мың жұмыскер алдында 4,7 млрд теңгеден астам сомаға жалақы берешегін өтеуді қамтамасыз етуге қол жеткізілді, - деп атап өтті Шәпкенов.

Кәсіподақтардың көмегімен жұмыскерлерге арналған қосымша әлеуметтік пакеттерді көздейтін ұжымдық шарттармен қамту 98,4%-ды құрайды.

Республика кәсіпорындарында 15 мың өндірістік кеңес құрылды және жұмыс істейді, олардың міндеттеріне еңбекті қорғау жөніндегі 17 мыңнан астам техникалық инспектордың қатысуымен жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын тексеруді ұйымдастыру кіреді.

Еліміздің 216 кәсіпорны халықаралық Әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы әзірлеген «Vision Zero» нөлдік жарақаттану тұжырымдамасын енгізді.

Кәсіподақтар федерациясы ҚР Тұңғыш Президенті құрған бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсын ұйымдастыруға үлкен үлес қосуда.

Ағымдағы жылы бізді Қазақстан Республикасында Әлеуметтік кодекс пен 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеу бойынша үлкен бірлескен жұмыс күтіп тұр. Қазақстанның барлық кәсіподақ ұйымының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен тағы да құттықтаймын! Жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қосып жатқан баға жетпес үлестеріңіз үшін рақмет! Сіздерге алдағы уақытта да белсенді әрі жемісті жұмыс тілеймін, – деді Серік Шәпкенов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...