Шаңғышы Шалыгина Шығыс Еуропа кубогында күміс медаль иеленді

15 Қараша 2021, 19:40
786
Бөлісу:
Шаңғышы Шалыгина Шығыс Еуропа кубогында күміс медаль иеленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Щучинск қаласында шаңғымен жарысудан Шығыс Еуропа кубогы мәресіне жетті.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Жарыстың соңғы күнінде әйелдер арасында еркін стильде 10 км қашықтықты бағындыру бойынша өзара үздіктер анықталды.

Аталған санат бойынша ресейлік Екатерина Смирнова топ жарды. Қазақстандық Ксения Шалыгина мәре сызығын екінші болып кесіп өтіп, күміс жүлдеге ие болды.

Ресейлік Наталия Мекрюкова үздік үштікті түйіндеп, қола жүлдені қанағат тұтты.

Естеріңізге салайық, жарыс жолына барлығы 40 спортшы шықты.

Өзгелердің жаңалығы