Шаңғышы Анна Шевченко Қазақстан кубогіне қол жеткізді

28 Наурыз 2021, 07:26
1316
Бөлісу:
Шаңғышы Анна Шевченко Қазақстан кубогіне қол жеткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шаңғы жарысынан әйелдер арасында Қазақстан кубогінің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Щучинскте шаңғы жарысынан Қазақстан кубогі өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде әйелдер арасында жекелей сындар аяқталды. 

Жарыс нәтижесі бойынша Анна Шевченко Қазақстан кубогіне ие болды. Валерия Тюленова мәре сызығын екінші болып кессе, Ксения Шалыгина үшінші орыннан көрінді. 

Ал ерлер арасында жекелей сында Виталий Пухкало жеңіске қол жеткізген болатын.

Өзгелердің жаңалығы