Шалғай бекеттердегі 7000 астам тұрғын медпойызда тексеруден өтті

20 Маусым 2019, 14:23
1920
Бөлісу:
Шалғай бекеттердегі 7000 астам тұрғын медпойызда тексеруден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның шалғай бекеттеріндегі 7 мыңнан астам тұрғын мамандандырылған пойызда тегін медициналық көмек алды. «Медициналық пойыз» Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының шет аймақта орналасқан бекеттерінде болды. Қазіргі уақытта ол Ақмола өңіріне келе жатыр. 

Пойыз іске қосылған күннен бастап 7 420 адам, оның ішінде 1 465 бала қабылдауда болды. Сондай-ақ дәрігерлерге келушілердің саны 20 000-нан асты, 623 кіші хирургиялық ота жасалды, 283 ФГДС процедурасы, 2 416 УДЗ жасалды, ал флюрографиядан 1 324 адам өтті.

Шалғай бекеттердегі 7000 астам тұрғын медпойызда тексеруден өтті

«Өткен жылы 124 шалғай бекетте тұратын 40 000-нан астам тұрғын тексерілді. Биылғы жылы біз баратын облыстардың санын арттырдық. Егер бір жыл бұрын пойыз 9 облыстың ғана тұрғындарын тексерсе, онда биылғы маусымда дәрігерлер бригадасы 21 желтоқсанға дейін жолда болып, Қазақстанның 14 облысының 195 бекетін қамтитын болады. 60 000-нан астам адамды қамту жоспарланған», - деді «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бас директорының орынбасары Әсел Шілдебаева.

Шалғай бекеттердегі 7000 астам тұрғын медпойызда тексеруден өтті

Атап өтетін болсақ, биыл медициналық пойыз Алматы қаласынан бастау алды және Қазақстанның барлық облыстарында болады. 17 маусым мен 7 шілде аралығында медициналық пойыз Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы 24 бекетте болады.

Жоба аясында еліміздің медициналық қызмет қолжетімсіз шалғай аудандарының тұрғындарына тегін медикалық-санитарлық, консультативтік-диагностикалық көмек көрсетіледі. Медициналық бригадалардың құрамында терапевттер, стоматологтар, окулисттер, маммологтар, невропатологтар, кардиологтар сияқты басқа да мамандар бар.

Шалғай бекеттердегі 7000 астам тұрғын медпойызда тексеруден өтті

Жалпы,«Медициналық пойыз» жобасы еліміз бойынша 29 сәуірде бамсталған болатын. Бүгінде пойыз кестесі келесі сайттарда қол жетімді: www.medpoezd.kz және www.sk-trust.kz/ru.



Өзгелердің жаңалығы