ШҚО жәрмеңкеге 60 тонна бал, 45 тонна ет, 10 тонна қымыз әкеледі

23 Қыркүйек 2019, 21:51
1405
Бөлісу:
ШҚО жәрмеңкеге 60 тонна бал, 45 тонна ет, 10 тонна қымыз әкеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 28-29 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан шатыр» (Тұран және Д.Қонаев көшелерінің қиылысы) сауда орталығының жанында өтеді.

Жәрмеңкеге Шығыс Қазақстан облысынан 15 аудан мен екі қала қатысады. Онда 15-тен астам өнім ұсынылады.

Жәрмеңкеде құны 224,7 миллион теңге тұратын 310 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылады.

«Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына 60 тоннадан астам бал, 5 тонна шұжық, 15 тонна сүт өнімдері, 5 тонна балық, 45 тонна жылқы еті, 10 тонна қымыз бен ұлттық бұйымдар, панты өнімдері, 150 тонна картоп пен басқа азық-түліктер ұсынылады», - делінген хабарламада.

Жәрмеңкеде ұсынылатын барлық өнім санитарлық-ветеринарлық талаптарға сәйкес келетінін дәлелдейтін құжаттар болады.

Ауыл шаруашылығы өнімдері арзан бағамен саудаланады. Концерттік бағдарлама болады. 

Жәрмеңке екі күн бойы сағат 9.00-18.00 аралығында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы