Бас жаңалықтар
Сенаторлар халықаралық үш құжатты қарайды
08 Сәуiр 2019, 14:41 513

Сенаторлар халықаралық үш құжатты қарайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен болған Парламент Сенаты Бюросының отырысында Палатаның 11 сәуірде болатын отырысының күн тәртібі белгіленді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенаторлар халықаралық үш құжатты: Қазақстан мен ҚХР үкіметтері арасындағы Қытай Халық Республикасының жеңілдікті кредит беруі туралы негіздемелік келісімді; 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы; Қазақстан мен Тәжікстан үкіметтері арасындағы Өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын қарайтын болды. 

Сенаторлар назарына сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарының функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары ұсынылатын болды.

Бюрода Мәжілістен түскен заң жобалары Палата комитеттеріне бөлініп берілді. Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «Каспий теңізінде тосын оқиғаларды болғызбау туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы өнімнің болуын және нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары бойынша бас комитет болып белгіленді.

Сізден жаңалық