Сенат ЕЭО туралы шартқа енгізілген өзгерстерді ратификациялады

15 Қазан 2020, 11:45
1176
Бөлісу:
Сенат ЕЭО туралы шартқа енгізілген өзгерстерді ратификациялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында депутатар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау» жөніндегі заң жобасын қабылдады.

Аталған заң жобасын таныстырған ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов хаттамада кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлудің жаңа нормативтерін бекіту көзделетінін айтты.

Нормативтердің мөлшері мүше бес мемлекеттер үшін айқындалған. Бұл ретте Қазақстан үшін норматив 6,955% болып табылады. Аталған нормативтер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында кедендік әкелу баждарын бөлуге мөлшерлес тәсілді қамтамасыз етуге арналған,- дейді Руслан Дәленов.

Оның айтуынша, хаттамада мүше мемлекеттердің жоғары мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бірлескен бақылау іс-шаралары шеңберінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының осы хаттаманың ережелерін сақтауын жыл сайын тексеретіні айқындалған.

«Халықаралық шарттар туралы» заңға сәйкес осы хаттама ратификациялауға жатады. Заң жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды, - дейді министр.

Хаттама 2019 жылы 1 қазанда Ереванда жасалды.

Өзгелердің жаңалығы