Семейде маска тақпағандарға айыппұл салынып жатыр

10 Мамыр 2021, 23:25
1795
Бөлісу:
Семейде маска тақпағандарға айыппұл салынып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеулерін сақтамайтындар әлі де анықталып жатыр.

Өңірде арнайы құрылған мониторингтік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейд жүргізуде.

9 мамыр күні Семей қаласында 345 объекті тексерілді. Облыстың Бас санитарлық дәрігері белгілеген шектеу шараларын бұзудың 4 фактісі тіркелді. Нақты айтқанда, сауда орындарында, қоғамдық тамақтану объектілеріне маска режимін сақтамағандар анықталды, – делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Сонымен қатар Риддер, Курчатов қалаларында және Абай, Үржар, Шемонаиха, Бесқарағай аудандарында рейд жүргізілген. Карантин талабын бұзғандар тіркелген жоқ.

Айта кетейік, жалпы 1 күн ішінде облыс бойынша мыңнан астам нысан тексерілген.



Өзгелердің жаңалығы